Машина суреттері балалар?а балаба?ша
«Айжұлдыз» мектепке дейінгі кіші орталық
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Машина» өлеңі Н.Әлімқұлов
Тәрбиеші: Рысбаева Баян Рүстемқызы
«Айжұлдыз» атты бақшаның
Тәрбиелі баласы
Алдыменен үлкенмен
Амандасып алады.
Қайырлы таң қонақтар!
Қайырлы таң достарым!
Қош келдіңіздер.
Балалар қонақтарға, достарына таңғы сәлемін жолдайды.
Жұмбақ.
Төрт аяғы дөңгелек,
Қозғалады орнынан
Жүреді ол дөңгелеп,
Жүйткиді желменен,
Дауысы бар гүрілдек.
(Машина)
-Жарайсындар, дұрыс таптыңдар. Ол-машина. (Қораптан ойыншық машинаны алып көрсетемін)
-Машина қайда жүреді?
-Дұрыс айтасындар, машина жолда жүреді. Машинаның қандай түрлерін білесіңдер?
Ғажайып сәт:
Балаларға бейнетаспа көрсетемін.
Бейнетаспада машина сөйлейді:
-Саламатсыңдар ма, «Балапан» тобының бүлдіршіндері! Мен сендерге тапсырма алып келдім. Мен жайлы тақпақ жаттап үйреніңдер.
-Балалар, машинаның тапсырмасын орындаймыз ба?
-Бүгінгі көркем әдебиет оқу іс-әрекетімізде Нұрсұлтан Әлімқұловтың «Машина» өлеңімен танысамыз.
Машина
Ойыншық машина
Тарт алға асыға
Сенімен тасимын
Көмір мен тасымды.
Құр босқа тұрмаймын
Тек алға зулаймын.
-Балалар өлең не туралы?
-Машинамен не тасиды екен?
Билингвалды компонент: машина-машина, жол-дорога, көлік-транспорт
Сөздік жұмысы:
тарт алға-алға қарай жүру,
құр босқа-босқа қарап тұрмау,
зулаймын-жылдам жүру.
-Енді «Машина» өлеңін жаттап көрейік.
Ойыншық машинаны жүргізіп корсету арқылы өлеңді балаларға қайталатамын.
-Балалар білімімізді кеңейту үшін белсенділік орталықтарға бөлінейік.
Әдебиет орталығы: Н.Әлімқұловтың «Машина» өлеңін жаттау. Кітапшамен жұмыс.
Мақсаты: өлеңді суретпен көрсету арқылы (мнемотехника) және ойыншық машинаны пайдаланып жаттату.
Кітапшада берілген көлік түрлерін жүретін жолына қарай қарындаш арқылы сызып көрсету.
Үстел үсті ойын орталығы: 1.Дидактикалық ойын «Ұшады, жүреді, жүзеді»
Мақсаты: балаларды көліктердің аттарын атап, түрлерін ажыратып, өз орындарына сәйкестендіре орналастыруға үйрету.
2.Үстел үсті ойыны «Машина құрастыр»
Мақсаты: балаларды дайын текшелер мен доңгелектерден машина құрастыруға үйрету.
Өнер орталығы: Жапсыру
«Жүк машинасы»
Мақсаты: балаларды геометриялық пішіндерден жүк көлігін жапсыруға үйрету, ұқыпты жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сылдырмақ арқылы балаларды ортаға жинаймын
Сергіту сәті: «Машина» әні
Т.Тұяқбаев
«Бип-бип, бип,»- дейді
«Жолдан былай кет,»- дейді
Күшікті басуға, басуға
Болмайды, болмайды машина.
«Бип-бип, бип,»- дейді
«Жол шетінде күт,»- дейді
Көшеде жүруге асыға
Болмайды, болмайды машина.
-Балалар, бойымызды сергітіп алдық. Енді өздерің қалаған орталықтарыңа барып, жұмыстарыңды жалғастырыңдар. (балалардың ауысымдық жұмыстары.)
Балалар жұмыстарын аяқтаған соң ортаға жинап, қай орталықта қандай жұмыс жасағандарын сұрау.
-Балалар, олай болса қазір «Көлік түрін дауысынан таны» ойынын ойнаймыз.
Дидактикалық ойын: «Көліктің түрін дауысынан таны»
Мақсаты: балаларды көлік түрлерін дауысынан ажыратуға үйрету.
-Машина жолда жүреді
-Жеңіл машина, жүк машина, автобус.
-Балалар машинаға таңдана қарайды. Бейнетаспадағы машинаның тапсырмасын тыңдайды.
-Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.
-Машина туралы
-Машинамен көмір, тас тасиды.
-тарт алға-алға қарай жүру,
Балалар сөздердің орыс тіліндегі аудармасын қайталайды.
тарт алға-алға қарай жүру,
құр босқа-босқа қарап тұрмау,
зулаймын-жылдам жүру.
Балалар сөздердің мағынасын түсінеді.
-Балалар өлеңді қайталайды.
-Балалар суреттер арқылы мазмұнын түсініп, жаттайды. Кітапшамен жұмыс жасайды.
Балалар көлік түрлерін ажыратып, өз орындарына сәйкестендіре қояды.
Балалар дайын текшелер мен дөңгелектерден машина құрастырады.
Балалар дайын қиылған пішіндерден машинаны құрастырып, жапсырады.
Балалар өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.
Балалар қалаған орталықтарына барып жұмыс жасайды.
Балалар қай орталықта жұмыс жасағандарын айтады.
Балалар көлік түрлерін дауысына қарай ажыратып, аттарын атап карточкаларын орнына апарып салады.
ұшақ-самолет,
пойыз-поезд,
кеме-теплоход,
машина-машина
Балалар тәрбиешімен ілесе өлеңді қайталайды.
-Балалар қуана сыйлықтарды қабыл алады.
-Балалар қонақтармен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: шағын өлеңді жатқа айтуды.
Нені игереді: жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.
Нені біледі: көлік түрлерін ажыратуды
«Бояулар» балабақшада ашық сабақ
Әулиекөл ауданының әкімдігінің«Айгөлек» Әулиекөл балабақшасы МКҚК
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы № 3
Білім беру саласы: шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: «сурет салу»
Тақырыбы: «бояулар әлемі»
Мақсаты: Негізгі түстерден араластырып жаңа түстерді шығаруды үйрету. Бастыру әдісін жалғастыру. шығармашылық қиялды, бастаманы дамыту. Қоршаған табиғаттың сұлулығын байқап, оған сүйсіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: гүлдердің суреттері, бояулар туралы ертегі слайд, кемпірқосақ киімі.
Керекті құралдар: шанышқылар, ақ қағаз, бояулар, палитра,
Қос тілдік компоненті: бақ – бақ – одуванчик, сары – желтый, синий – көк, қызыл – красный
Негізгі түстерден араластырып жаңа түстерді шығару.
«бояулар туралы ертегі» оқу
Қонаққа кемпірқосақ келеді.
Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.
«Достық» жаттығуы. Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос. Біз әрқашан доспыз. Балалар көршілерімен, бір – бірімен құшақтасады.
— Негізгі бояулар қандай?
Ендеше мен сендерге бір ертегі айтып берейін.
Ерте,ерте ертеде ешкі жүні бөртеде ҚЫЗЫЛ, САРЫ, КӨК бояулар өмір сүріпті. Олар өте тату-тәтті болыпты. Бір күндері олар қызықты оқиларға тап болады.
2 слайд: Әр түс бізге нені еске түсіреді?
Бір күні қызыл сары бояуға қонаққа келеді.Бір мезетте үй ішіндегі шам сөніп қалады. Бояулар бір-бірімен соқтығысып жүрген кезде тағы бір түсті бояу пайда болады. Шам жанған кезде, қандай түс пайда болған екен?
Жаңбыр жауған кезде болған оқиға
Көк бояу мен кіші қарындасы Сары бояу жаңбырдан қорқып, емен ағашының астына тығылады. Жаңбыр қатты жауғаннан бояулары езіле бастайды, олардың бояулары араласқан кезде Жасыл бояу пайда болады.
Ары қарай мынандай жағдай болды
Көк бояу өзінің жаңа досына қуанады, осы қуанышымен Қызыл бояумен бөліспек болып, Қызыл бояуды қушақтап алғанда Күлгін түс пайда болады.
(балалар үшке бөлініп, бояуды араластырады)
Солай осы өмірге жаңадан Қызғылтсары, Жасыл, Күлгін түстер пайда болған екен. Барлық бояулар қол ұстасып, үлкен шеңбер жасайды.Осыдан
Кемпірқосақ-Радуга пайда болады.
Осы шеңберде әр түстің өз орны болады. Түстер тату-тәтті өмір сүруде. Бояулар патшалығы өте үлкен. Оның тұрғындары бояулармен сурет салады, мүсін жасайды, қағазбен жұмыс істейді. Сендерде осындай жұмысты ұнатасыңдар ма?
Осымен ертегіміз аяқталды.
7 слайд: Қызыл
Қызылсары
Сары
Жасыл
Көкшіл
Көк
Күлгін
Балалар түстер туралы тақпақтар біледі.
Сезім, нұрым, ақниет, аяжан.
кемпірқосақ: сәлеметсіздер ме, балалар! Дұрыс айтасыңдар,мен кемпірқосақпын.
Ал енді балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемде неше ай бар? Атап беріңдерші.
Далада қандай өзгерістер бар?
Алғашқы гүлдер өседі. Олар қандай гүлдер? Менің қолымда қандай гүлді көріп тұрсыңдар?
осы гүлдермен мен доспын. Сендер гүлдің суретін сала аласыңдарма? Мен гүлдерді жақсы көріп, дос болсамда суреттін сала алмаймын.
Ал ендеше алғашқы гүлдердің суретін салып көрсетейік.
Сурет салу әдісін көрсету.
ең алдымен шанышқыны алып, сары бояуға батырып оны ақ қағазға бастыру тәсілімен салайық. Кейін сабағы мен жапырағын салуды көрсету.
саусақтар шынжыр болады,
ал піл келіп шынжырды,
үзіп кетті басқанда.
тұмсығымен доп іздеп,
ойнағысы келіп тұр.
достық үшін пілге мен
гүл сыйлағым келіп тұр.
Балалар бақ – бақ гүлдерді шанышқымен бастыру тәсілімен салады.
«Балабақша өз үйім»
Та?ырыбы: Мені? с?йікті балаба?шам.
Ма?саты: 1. Балаба?шада?ы сыйласты? туралы т?сініктерін ке?ейту.
Б?ріміз де баламыз
Бір ауылда т?рамыз,
Бір ба?ша?а барамыз.
А? сары деп б?лмейміз
Бір жыл ту?ан т?лдейміз
Туыс?анбыз татумыз
